• Басты
  • Астанада алғаш сәлемдемелер супермаркеті ашылды (ФОТО)
28 Желтоқсан, 2015 16:43

Астанада алғаш сәлемдемелер супермаркеті ашылды (ФОТО)

«Қазпочта» АҚ алғаш сәлемдемелер супермаркетінің ашты, деп компаниядан хабарлады.
Астанада алғаш сәлемдемелер супермаркеті ашылды (ФОТО)

Сәлемдемелер супермаркеті – ҚР бойынша сәлемдемелерді қабылдауға және жіберуге арналған, өзін-өзі қызмет көрсету форматындағы жаңа орталық.

«Осындай жоба ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жаңа қызмет түрі Астанадағы Қазпочта клиенттеріне қолжетімді, ал келешекте осындай орталықтар Қазақстанның басқа қалаларында да ашылатын болады. Жаңа қызмет сәлемдемелерді қабылдау мен жіберу уақытын қысқартып, компанияның шығындарын үнемдейді» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

Сәлемдемелерді қабылдау үшін, клиент трек нөмірін және ұялы телефонының нөмірін супермаркетте орналасқан арнайы терминалдың экранында тереді. Терминал керекті сәлемдемені жүйеден тауып, орналасқан сөресі, қатары және ұяшығының нөмірі жазылған талонды береді. Клиент бөлмеге кіріп, талон бойынша сәлемдемесін сөреден өзі алады. Шығарда клиент төлқұжатын кассадағы операторға көрсетіп, сәлемдені тексертіп, ақысын төлейді.

Сонымен қатар, супермаркет клиенті Қазақстанның кез-келген өңіріне сәлемдемені өзі жібере алады. Ол үшін, клиент сәлемдемені салуға арналған, бағасына ҚР бойынша жеткізу ақысы саналған және трек нөмірі жазылған қорапты сатып алуы қажет. Сәлемдемені арнайы орында қорапқа салып, терминалда трек нөмірді сканерден өткізіп, экранда «Жіберу»-ге басып, талонды алғаннан кейін, сәлемдемені сөреде қалдыру керек.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды