- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ҚР Қарулы күштерінің міндеті - офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау
Н.Назарбаев: ҚР Қарулы күштерінің міндеті - офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев қатысты.
Кеңес барысында елдің қорғаныс қабілетін және әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөніндегі Қарулы Күштер қызметінің 2015 жылғы қорытындылары талқыланды.
Қазақстан Президенті әлемдік экономика мен халықаралық саясаттағы қиындықтарға қарамастан еліміздің тұрақты дамығанын, дағдарысқа қарсы тиісті стратегиясын әзірлегенін және биылғы жылды оң көрсеткіштермен аяқтап отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол», индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары мен Бес институционалдық реформаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтты. Қазақстан Президенті бұл орайдағы қадамдар алға қойылған ауқымды міндеттерді белсенді түрд әрі нәтижелі жүзеге асыруды қажет ететініне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев армияның қазіргі заманғы әскери және террорлық қатерлердің алдын алу мен болдырмаудағы маңызды рөлін атап өтті.
«Әрбір қазақстандық өз қауіпсіздігі туралы ойлай отырып, ең алдымен Қарулы Күштерімізге үміт артады. Сондықтан ешқайсыңыз мұны ұмытпауларың керек. Сіздер өздеріңіз әрдайым тас-түйін дайын және бес қаруларыңыз да сай болғаны жөн. Мемлекет өз тарапынан армияға қажетті барлық жағдайды жасауға тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз – офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қарулы қақтығыстардың жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру керектігін, кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлық деңгейін ұдайы арттырып отыруға тиістігін айтты.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді 2016 жылғы дамытуға байланысты бірқатар міндет қойды және офицерлерді алдағы мерекемен құттықтап, басшылық құрамға жаңа қызметтік көлік кілттерін тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру