- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейдің автокомпонент шығарушылары ШҚО-да машина жасау кешеніне инвестиция салуға ынталы
Ресейдің автокомпонент шығарушылары ШҚО-да машина жасау кешеніне инвестиция салуға ынталы
Екі елдің аса ірі автошығарушыларын біріктіретін салалық одақтар ынтымақтастықтың ең өзекті бағыттарын белгіледі. Олардың ішінде автомобильдер мен автокомпоненттер шығарудың бірлескен жобаларына инвестициялар тартуға септесу, ЕАЭО-қа мүше елдердің аумағындағы автошығарушылардың қызметін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және автокөлік құралдарын шығару мен пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөнінде өзара келісілген іс қимыл жасау мәселелері қамтылған.
Қол жеткізілген келісімдер Еуразия одағы елдерінің автошығарушылардың ұлттық бірлестігі деңгейіндегі ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі болып отыр.
Дәулет Бақберген салалық одақтардың ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтумен қатар, Өскеменде АВТОВАЗ-дың қатысуымен салынып жатқан Қазақстандағы қуаты жылына 120 мың автомобиль шығаратын ең ірі машина жасау кешеніне ресейдің бірқатар комплекттер шығарушыларының қызығушылық танытып отырғандығы жөнінде хабарлады. Олар бұл жобаға инвестиция жасау мүмкіндіктерін қарастыруда, өйткені болашақ кәсіпорынның өнімі қазақстанның ішкі рыногына ғана жөнелтіліп қоймай, шығарылған өнімнің жартысынан артығы Ресейге, сонымен бірге Орталық Азия елдеріне арттырылатын болады
«Нақты өндірістік жобаларды дамытудан тыс біздің алдымызда саланың, онда да тұтастай ЕАЭО кеңістігіндегі бизнес-ахуалын қалыптастыру мақсаты тұр. Біздің елдеріміздің Еуразиялық одақ пен ДСҰ-ның құрылымдарына бұдан былайғы интеграциялануының талаптары екі елге де ортақ сипатта болып отыр. бұл талаптардың көпшілігіне біз тек қана бірлесіп жауап қайтара аламыз.. Сондықтан мен «ҚазАвтоӨнеркәсібі» Одағы және «Объединение автопроизводителей России» құрылымының ынтымақтастығы арқасында шешімдердің басым көпшілігі табылатынына шынайы үміттімін».
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері