• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында қазақ әндерін орындай отырып мемлекеттік тілді насихаттауда

Ақмола облысында қазақ әндерін орындай отырып мемлекеттік тілді насихаттауда

8 Қараша, 2013 15:00
Көкшетауда «Қазақша караоке» жыл сайынғы байқауының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 «Қазақ тілін, қазақтың ән шығармашылығын насихаттау және дамыту, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын арттыру, сонымен қатар қазақ әндерін болашақ ұрпағымызға таныту, әрі өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жыл сайын «Қазақша караоке» конкурсын ұйымдастырып өткізеді», - делінген хабарламада.

Байқаудың іріктеу кезеңдері нәтижесінде әділ-қазылар алқасы жартылай финалға 14 үміткерді таңдап алды. «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен финалдық гала концертте фестивалінің жеңімпаздарын облыс  әкімі атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді: бас жүлде Тамара Ведзижева Бұланды ауданынан, бірінші орын ерейментаулық Валихон Бегенжов, екінші кокшетаулық Виктория Цой және үшінші - Татьяна Лямина Атбасар ауданынан.

Айта кету керек, байқау қыркүйек айының 20-нан бастап, «Қазақша караоке - 2013» фестивалі облысымыздың әр өңірінде өз бастауын алды. Іріктеу кезеңіне облысымыз бойынша 400-ден артық әр түрлі жас, мамандық иелері және барлық ұлт өкілдері қатысты. Үміткерлер өздерін вокалдық, сахналық мәдениеті, ал ең бастысы қазақ әндеріне деген үлкен ықыластары мен сүйіспеншіліктерін көрсете білді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар