• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінді

Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінді

28 Желтоқсан, 2015 11:32
Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы республикалық бюджеттің 1,5 млрд теңге қаржысы есебінен 2018 жылы аяқталады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.

«2018 жылы  Жамбыл облысындағы минералды таңыйтқыштарды өндіру зауыты «ЕвроХим Удобрение» ЖШС үшін инфрақұрылым  салынады, бұл мақсатта республикалық бюджеттен 11,1 млрд теңге бөлінуде. Сонымен қатар, ғарыш аппараттарын  құрастыру-сынау кешенінің құрылысы  республикалық бюджеттің 1,5 млрд теңге қаржысы есебінен 2018 жылы аяқталады», - деді министр.

Бұдан басқа, «Интеграцияланған газохимиялық кешен, фаза 1» жобасын жүзеге асыруға 2015-2018 жылдары мемлекеттік кепілдеме бойынша 556,7 млрд теңге көленмінде заем тартылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар