• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР БҒМ мен облыс әкімдері білім және ғылымның басты бағыттарын дамыту бойынша меморандумға қол қояды

ҚР БҒМ мен облыс әкімдері білім және ғылымның басты бағыттарын дамыту бойынша меморандумға қол қояды

8 Қараша, 2013 14:45
ҚР БҒМ желтоқсан айының ортасына дейін Астана, Алматы облыс әкімдіктерімен білім және ғылым саласының 2014-2016 жылдарға дейін дамуы бойынша келісім шарт орнатады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

« Астанада Премьер-Министрдің орынбасары  Ербол Орынбаевтың  төрағалығымен  өткен селекторлық  отырыста  2011-2020 жылға арналған білім бер жүйесінің даму бағдарламасы қарастырылды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар: министрліктер жетекшілері, облыс әкімінің орынбасарлары, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық  даму бөлімдерінің өкілдері, атқарушы органдардың өкілдері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Жиынның қорытындысы бойынша вице-премьер Е. Орынбаев бірқатар тапсырмаларды жүктеді. ҚР БҒМ желтоқсан айының ортасына дейін Астана, Алматы    облыс  әкімдіктерімен  білім және ғылым саласының 2014-2016 жылдарға дейін дамуы бойынша келісім шарт орнатады.

Сондай-ақ, меморандумда білім беру жүйесінің көрсеткіші мен басты индикаторлар да қарастырылған. Ғылым, жастар саясаты сынды салалар 11 бағыт бойынша  дамиды. Олардың құрамына мектепке дейін білім беру, балабақшаға кезекті азайту, авариялық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту бойынша да бағыттар бөлінген.

Өз кезегінде, БҒМ мен Үкімет арасында меморандумның жүзеге асуы бойынша жүйелік жұмыс орнатылуда.

 

Барлық жаңалықтар