- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери ұшқыштары 50 сағаттан аса көк аспанда қалқыды (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери ұшқыштары 50 сағаттан аса көк аспанда қалқыды (ФОТО)
Осы жылы авиацияның жалпы ұшып өтуі 5%-ға ұлғайды. 2015 жылғы қарашаның басындағы жағдай бойынша авиацияның жалпы ұшып өтуі 15 200-ден аса сағатты (2014 жылы – 14 700-ден аса сағатты) құрады. Оның ішінде түнде шамамен 1 500 сағат (2014 жылы – 1 400-ден аса сағат).
Ұшу даярлығының жоспары бойынша 823 ұшу ауысым орындалды. Әуе қорғанысы күштері әскери қызметшілерінің аспанда қалқып ұшу уақыты да ұлғайды. Бір ұшқыштың орташа ұшып өтуі 52 сағат 14 минутты (2014 жылы – 48 сағат 20 минутты) құрады.
Майдандық авиация ұшқыштары көк аспанда 40 сағаттай, армиялық авиация – 61 сағаттан аса, көлік авиациясы – 86 сағаттай ұшты.
Айта өтейік, жақында ғана 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің үздік әскери бөлімі анықталды. Бұл атаққа Шымкент қаласындағы 55652 әскери бөлімі – авиациялық база лайық деп танылды. Осы бөлімнің әскери қызметшілері бір жыл бойы жауынгерлік даярлықта және әскери тәртіпті нығайтуда үздік көрсеткіштер көрсетті.
Авиабаза ұшқыштары МиГ-29 жойғыштары мен Су-25 шабуылдағыштарында «Авиадартс – 2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар олар аспанда «70» деген санды бейнелеп, Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шеруде ерекшеленді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда