• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының аграрийлері Көкшетаудағы жәрмеңкеде 500 тоннадан астам өнімді саудаға шығарды

Ақмола облысының аграрийлері Көкшетаудағы жәрмеңкеде 500 тоннадан астам өнімді саудаға шығарды

28 Желтоқсан, 2015 20:04
Көкшетауда Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Сонымен, жәрмеңкеде Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 57 түрлі өнім ұсынды. Ет және шұжық өнімдері 156,2 тонна, балық - 18 тонна, жұмыртқа - 250 мың дана, жалпы барлығы 220,2 млн теңгеге 517,5 тонна өнім әкелінде.

Аталған өнім арнайы жабдықталған «Шығыс» базарында саудаланды.  Фермерлер өз өнімдерін базар бағасынан 10-20%-ға арзан сатты. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында шоу бағдарламалар, спортық ойындар, байқаулар өткізілді. 

Барлық жаңалықтар