• Басты
  • «ҚазАзот» 2018 жылға дейін минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын үштен бір бөлікке арттыруды жоспарлауда
26 Желтоқсан, 2015 11:04

«ҚазАзот» 2018 жылға дейін минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын үштен бір бөлікке арттыруды жоспарлауда

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Ақтау қаласында «ҚазАзот» ЖШС-ның минералды тыңайтықыштар өндіру зауытын кешенді жетілдіру жобасын қаржыландыруды бастауда, деп компаниядан хабарлады.
«ҚазАзот» 2018 жылға дейін минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын үштен бір бөлікке арттыруды жоспарлауда

Айта өтейік, жобаның жалпы құны 56 млрд теңгеден астам соманы құрайды, қажетті қаражаттың 72,3%-ын ҚДБ ұлттық валютадағы несие түрінде 10 жылға дейінгі мерзімге ұсынады. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Жобаға 2018 жылға дейін аммиак пен азотты минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын 300 000 тоннадан 400 000 тоннаға дейін арттырып, кәсіпорынның негізгі активтерін жаңғырту кіреді. Кешенді жетілдіру шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап дайын өнімді өткізуге дейінгі толық өндіріс циклын құруды көздейді. Жобаға «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнын игеру, газды-поршеньді электр станциясының, танкті және үрлемелі газдан шығатын аммиакты кәдеге жарату қондырғысының, түйіршіктеу мұнарасының құрылысы кіреді. Зауыт толық жобалық қуаттылығын іске қосқаннан кейін, ауыл шаруашылығында және кен өндіру кәсіпорнында пайдалануға шығарылатын өнімнің 60%-на дейінгі көлемі ішкі нарыққа жеткізіледі, қалған 40%-ы экспортқа шығарылатын болады.

«Осындай ауқымды жаңғырту және өндірісте жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде біз 2018 жылға дейін дайын минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнының 34%-ға төмендеуін күтудеміз, алайда өнімнің сапасы жоғарылайды. Сонымен қатар жаңа кен орнын игеру арқасында кен шығару және табиғи газды сату көлемі келесі он жыл ішінде төрт есе ұлғаяды деп күтілуде. Мемлекет пен «Бәйтерек» холдингі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау бұл өнімнің импортын алмастырумен қатар, оның Литваға, Ресейге және Орта Азия елдері: Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанға экспортталуына болысады», - деп белгіледі «ҚазАзот» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Евлоев.

Естеріңізге сала кетейік, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ деректері бойынша 2014 жылы тыңайтқыштар экспортының өсімі 2013 жылға қарағанда 5,4%-ды құрады, импорт көлемі 27,4%-ға қысқарды.

Жалпы, тыңайтқыштарды экспорттаушы және импорттаушы елдердің бірінші бестігіне Түркменстан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды