- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қауіпсіздік комитетіне конституциялық құрылымды қорғау бойынша зор жауапкершілік жүктелген
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне конституциялық құрылымды қорғау бойынша зор жауапкершілік жүктелген
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Н.Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп, қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы В.Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды.
«Ол – кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін», – деді Мемлекет басшысы.
В.Жұмақанов жаңа лауазымына кандидатурасы Парламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады.
Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты.
Кездесу қорытындысы бойына Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар