ҚР Президенті өзінің Жолдауында халық алдында үлкен міндеттер қойған

3 Желтоқсан, 2015 18:24
ҚР Президенті өзінің Жолдауында халық алдында үлкен міндеттер қойған. Бұл туралы «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Ахметов хабарлады.

«Біз Президентіміздің барлық алдымызға қойған міндеттерін уақытылы орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Себебі бізде әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін барлық  база бар», - деді ол.

Сенатордың айтуынша,  Президент өзінің әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты өз пікірін білдірді.

«Президенттің Жолдауы әлемдегі болып жатқан жағдайды терең талдаудан өткізіліп, соның негізінде жасақталғанын байқатады. Біздің Президент алдымызда үлкен міндеттерді қойып отыр, олар бізге алып асуларды бағындыруға мүмкіндік береді. Бүгінде біз экономика мен саясатта жан-жақты сараланған, ойластырылған шешімдерді қабылдауымыз керек», - деп толықтырды депутат. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар