- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бастап 133 мыңға жуық қазақстандық «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты
Жыл басынан бастап 133 мыңға жуық қазақстандық «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлағандай, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 жылы 522 жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 8,5 мың адам орналастырылды.
Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 5,7 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микронесие алды, оның ішінде 3,9 мың адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды. Нәтижесінде ағымдағы жылы қосымша 5,2 мың адам жұмыспен қамтылды.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) тегін оқумен 14 мың азамат қамтамасыз етіліп, оның 13,1 мың адамы оқуларын тәмамдап, жұмысқа орналастырылды. 20,3 мың азамат жастар практикасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, жыл басынан бастап үшінші бағыт бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 356 адам көшірілді.
78,9 мың азамат жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастырылды.
Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 4,3 мың мүгедектер, 194 балалар үйінің тәрбиеленушілері, 20,6 мың мектеп, орта және жоғарғы білім беру ұйымдарының түлектері қатысқанын атап айту керек.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар