- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Тоғжанов: ҚХА жылы еліміздің этностары үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды
Е.Тоғжанов: ҚХА жылы еліміздің этностары үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды
«2015 жыл ҚХА жылы ғана емес, ол ең алдымен бірліктің, елдіктің жылы, Тәуелсіздігімізді нығайтатын ерекше жыл болды. ҚХА жылының шараларын өткізуді ұйымдастыруға барша ел азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, барлық мекемелерді, мемлекеттік органдарды жұмылдыру қамтамасыз етілді. 5426 елді мекенде өткізілген 30 мыңнан астам шараларға 9 миллионға жуық адам қатысып, бұл шараларда ауылдық жерлер де қамтылды»,-деді Е. Тоғжанов.
Сонымен қатар ол биыл Қазақстандағы этностар үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болғанын атап өтті. Жалпыұлттық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында 235 мың баланың қатысуымен 7 863 шара өткізілді. 43 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді толық меңгеріп шықты.
Оның сөзіне қарағанда, ҚХА жылы мақсаттарына қол жеткізу үшін 16 жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылып, олардың барлығы нақты нәтижелерге бағытталды.
Ассамблея жылында қайырымдылық акцияларына ерекше мән берілді. «Тайқазан. ҚХА -20 ізгі іс» басты жобасы аясында 6 953 шара өткізіліп, ел халқына 1 млрд. 790 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.
Сонымен қатар «Қамқор» акциясы барысында аз қамтылған отбасылар 413 млн. теңге көлемінде көмек алды. «Менің Қазақстаным» акциясына 920 мыңнан астам адам қатысып, 50 мыңнан астамы медициналық көмек алды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары