- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте алғаш рет инвестициялық жоспар бойынша 4 тоғызқабатты үй салынады
Шымкентте алғаш рет инвестициялық жоспар бойынша 4 тоғызқабатты үй салынады
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының директоры Қасымбек Маликов хабарлағандай, бұл пәтерлер «Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің» салымшылары мен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында кезекке тұрған азаматтарға берілетінін жеткізді.
Құрылыс комбинаты әдісімен тұрғызылатын тұрғын үйлерде коммерциялық және автопаркинг алаңдары қарастырылған. Бұл үйлерді салуға облыстан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінсе, қалған қажетті қаржы инвесторлар тарапынан тартылатын болады.
«Жалпы саны 192 пәтерден тұратын баспаналардың құрылысын 18 айда аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтерлердің шаршы метрі 150 мың теңгеден халыққа ұсынылады», - деді «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.Жүйріктаев.
Бұл жобаны қолға алмас бұрын «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өз тарапынан облыс және республика аймағында жүргізіліп отырған құрылыстар бойынша сараптама жүргізіп, үйлердің құрылыс комбинаты әдісімен салынғаны тиімді әрі сапалы болатынын анықтаған. Өйткені бұл әдіспен бой көтерген үйлер қысқа мерзімде салынып, сейсмикалық төзімді болады. Сондай-ақ, құрылыс комбинаттарын қолдана отырып, отандық тауарөндірушілердің жұмысының жандануына үлес қосады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді