- Басты
- ОҚО-да жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 320,4 млрд. теңгені құрады – әкімдік
ОҚО-да жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 320,4 млрд. теңгені құрады – әкімдік

Мұндай жетістік салада атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде болып отыр.
Мәселен, жыл басынан бері өңірімізде 179 мың тонна ет, 653 мың тонна сүт, 271,8 млн. дана жұмыртқа өндірілген. «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен осы жылы 20,7 мың бас аналық ірі қара сатып алынып, тапсырма 1,2 есеге орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл 20 мың бас ұсақ мал алу межеленсе, 11 айда 47,7 мың бас мал алынды. Ал «Құлан» бағдарламасы аясында 2 680 бас жылқы алу жоспарланып, нәтижесінде 3894 бас алынып, меже 145,3 пайызға артық орындалды. Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шарасы аясында жалпы 1919 жобаға 4770,8 млн. теңге несие берілді.
«Облыста 43 ет, 38 сүт, 35 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Ағымдағы жылы осы кәсіпорындардың қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ет кәсіпорындарының қуаттылығы 7,4 тоннаға, сүт кәсіпорындарының қуаттылығы 8,1 тоннаға, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы 17 тоннаға артты. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге көбейіп, 138,5 млрд. теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Ал ауыл шаруашылығы дақылдарына жүргізілген әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі егіc көлемі 772,5 мың гектарды құрап, суармалы жерлердің көлемі 18,8 мың гектарға ұлғайды. Қосымша 112,3 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1023 гектарға жетті. 9,7 мың гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, көлемі 43,7 мың гектарды құрады. Сонымен бірге, облыста жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығы 210 мың тоннаны құрады.
-
Президент тапсырмасы: Халыққа берілетін несие ставкасы мен тұрғын үй бағасы төмендетілмек
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"

