- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейінде мүсінші М.Габдрахмановтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты көрмесі ашылды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде мүсінші М.Габдрахмановтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты көрмесі ашылды (ФОТО)
«Мұндай көрменің Ұлттық музейде өтуінің өзі біздің ұжымға деген ерекше сенімді білдіреді. Марат Рахметоолаұлының шығармашылығында қазақ халқының тарихы барлық қырынан танылған. Оның жасаған мүсіндері осынысымен ерекшеленеді. Біз осы көрме арқылы қазақтың мүсін жасау өнерінің даму жолымен таныса аламыз. Туындыларымен ерекшеленген мүсіншінің көрмесіне сәттілік тілейміз!», - деді Ұлттық музей директоры Д.Мыңбай.
Габдрахманов Марат Рахметолаұлы Ақтөбе облысында туған. 1990 жылы Ресей, Нижний Тагил қаласының, Орал қолданбалы өнер училищесінің металды өңдеу бөлімін, 1992 жылы К.Жұбанов атындағы көркемсурет университетін бітірді. 1996-1998 жылдар аралығында Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «PRATT» өнер институтында білімін шыңдады. «Дарын» жастар сыйлығының иегері.
Бұл жолғы көрмеге автордың қазақтың мәдениетін, тарихы мен тұрмысын айқындайтын48 туынды ұсынылып отыр
Айта кетерлік жайт, «Көшпенділер» көрмесі 2016 жылдың 24 қаңтарына дейін жалғасады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері