- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында 2015 жыл қорытындыланды (ФОТО)
Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында 2015 жыл қорытындыланды (ФОТО)
«Бүгінгі алқа 2015 жылда атқарған жұмысымыздың нәтижесін қорытындылайды. Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігінің қызметі мемлекеттің экономикалық әлеуетін есепке ала отырып, жауынгерлік мүмкіндіктің жоғары деңгейіне ие қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге бейімделген Қарулы Күштердің құрамы мен құрылымы бойынша теңгерімді Қарулы Күштерді құру жөніндегі Жоғарғы Бас Қолбасшының нұсқауы бойынша орындалды», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
2015 жылы Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштерді қолданудың жаңа жоспарын бекітті, сондай-ақ «Бітімгершілік қызмет», «Жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.
Қазіргі заманғы қауіп-қатер қазақстандық армияны жылдам және тиімді өзара іс-қимыл жасауға дайындау қажеттілігін туғызады. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес осы жылы 6 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілді. Яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру даярлығы, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, әскери инфрақұрылымды салу, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, ҚР ҚК-дегі идеологиялық жұмыс.
«Айбалта», «Өзара іс-қимыл», «Орталық», «Жауынгерлік достастық», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны», Түркияның Қарулы Күштерімен бірлесе «Қаратау» және «Қабылан жолы» жедел-тактикалық және халықаралық оқу-жаттығулары, Қытай ұлт-азаттық армиясының лаңкестікке қарсы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығуды өткізуге ерекше назар аударылды.
«Армия ойындары», «Танк биатлоны», «Авиадартс», «Каспий теңізі», «Отар» әскери базасында (ТМД шеңберінде) «Достастық жауынгері», «Алтын үкі», «Кембриялық патруль» сияқты халықаралық оқу-жаттығуларда әскери қызметшілердің белсене қатысуы мен жүлделі орындарын да атап өткен жөн.
Өз кезегінде, барлық қабылданған шаралар Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Әскери инфрақұрылымды айтатын болсақ, әртүрлі өңірде 40-тан аса нысан пайдалануға берілді, 120-дан аса ғимарат, құрылыс пен инженерлік желілер күрделі жөндеуден өтті.
Қызмет қорытындысы бойынша Бас штабы мен ҚР ҚК-нің үздік бөлімшелері анықталды. Атап айтқанда, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері, 37-десанттық-шабуылдау бригадасы және Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі