- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда жақын арада көшелерге 36 жаңа автобус шығады
Павлодарда жақын арада көшелерге 36 жаңа автобус шығады
№1 автобус паркі бір ай бұрын тиімді бағаға сатылған болатын. Жекешелендіру шарттарының бірінде жаңа автобустарды сатып алу міндеткерлігі тұрды. Облысымыздың басқа аудандарында да кәсібін жүргізіп отырған павлодарлық «Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС өз міндетін орындап, облыс орталығында әрқайсысының сыйымдылығы 100 жолаушыны құрайтын 36 жаңа автобустың тұсаукесерін өткізді. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын жаңа көлік құралдары пандустармен жабдықталған. Бұл арбаға таңылған мүгедек жандардың салонға өтуіне өте қолайлы. Сонымен бірге, әрбір автобуста тегін wi-fi желісі орнатылған.
«Биылғы жылы өткізілген Павлодар қаласының маршрут желісін оңтайландыру қажет болды деп есептеймін. Бұл қоғамдық көліктердің жайлылығын арттырып, қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдау жұмысының тиімділігін арттырады»,- деді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Атап өту керек, жаңа тасымалдаушы келесі жылдың басында біртіндеп енгізілетін электронды билет жүйесімен де таныстырды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе тасымалдаушылардың табысын барынша ашық көрсетіп, салықтық түсімдердің көбеюіне әкеледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді