• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында 2016 жылы ШОБ-қа қолдау көрсетуді 3 есе арттыру жоспарлануда

Қызылорда облысында 2016 жылы ШОБ-қа қолдау көрсетуді 3 есе арттыру жоспарлануда

25 Желтоқсан, 2015 11:24
2016 жылы аймақтағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді 3 есе арттырамыз, деп ағынан жарылды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«2016 жылы Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді  3 есе арттырамыз. Осы ретте жауапкершілікті де қатайту керек. Яғни, уақытылы несие төлемеу жалтарып жүргендердің тізімі несие бюросына жіберіледі. Сондан кейін ол бірде бір банктен Қазақстанның бірде-бір өңірінен несие аламайды», - деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Әкім атап өткендей, несиесін уақыты өтеген тұлғалар 3 емес 5 млн теңгені несиеге алуға қайта  өтініш беріп алып жатады.

«Ал, Ұлттық қордан бөлінген қаржыны ысырап еткендерге мұндай жаза әділ деп ойлаймын», - деді аймақ басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар