• Басты
  • 30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары

30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары

19 Шілде, 2021 17:18

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов биыл алғаш рет ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант жүзеге асырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстанда халықтың 3,8 млн-ын жастар құрайды

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов 30 жылдық тарихы бар тәуелсіз елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы жастарды қолдау және адами капиталды дамыту екенін атап өтті.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген дарынды жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау қажеттігін атап өтті.

Осыған орайда, Министрлік 2021 жылдың 8 шілдесінде №469 Үкіметтің қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грантты тағайындау бойынша Ережелері мен Тұжырымдамасын бекітті.

Мемлекет тарапынан жастарды қолдау            

Оның айтуынша, жастардың саны елімізде 3,8 миллион немесе жалпы халықтың 20%-ын құрайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясаты саласында Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы және ҚР Жастарын қолдау жөніндегі 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

«Жалпы мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларына 1 миллионнан астам жас қамтылған. Жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында және олардың жан-жақты дамуына көптеген мемлекеттік қолдаулар, бірқатар сыйақылар мен гранттар жүзеге асырылуда.

«Төртінші технологиялық революция заманында бізге және елдің дамуына жаңаша ойлайтын, прагматик жастар қажет. Сондай-ақ, цифрландыру дәуірінде еліміздің жастары аталмыш қасиеттерге ие болуы тиіс деп ойлаймын», - деді ол.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

Оның айтуынша, еліміздің 14 - 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына арналған гранттың негізгі мақсаты белсенді шығармашыл жастардың жобаларын, бастамаларын іске   асыру,   қолда   бар   жобаларды   дамыту, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу және жастарды оқыту үшін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға қолдау көрсету.

«Аталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мемлекет таратынан жастар саясатын дамытуға үлкен серпіліс беретініне және еліміздегі талантты, дарынды жастарын қолдауға бағытталған үлкен жоба болатынына сенім мол», - деді ол.

Шахмардан Байманов бұл грантты жүзеге асыру аясында қазіргі таңда еліміздегі жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеп 5 бағытын белгіленгенін жеткізді.

1.    «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыру үшін;

2.    «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

3.    «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеу үшін;

4.    «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

5.    «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін;

Оның сөзінше, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мемлекеттік   қолдау   мақсатында еліміздің талантты жастарына жыл сайын тағайындау жоспарланып жатыр. Грант қаражатын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Сонымен қатар, үміткерлердің үздік жобаларын анықтау мақсатында Министрдің бұйрығымен конкурстық комиссия құрамы бекітілетін болады.

Конкурстық комиссия құрамы

Шахмардан Байманов комиссияның құрамы орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бойынша мамандар мен сарапшылардан құралғанын жеткізді.

Жалпы конкурстық комиссия екі кезеңнен жүзеге асырылады.

Бірінші кезең – уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы.

Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау.

Бұл жерде конкурстық комиссияның шешімі қағидаларға сәйкес, бағалау парағы бойынша жиналған балдардың санын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

Сондай-ақ оның айтуынша, конкурстық комиссияның отырыстары ашықтық, айқындық қағидаттарында және уәкілетті органның интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізілетін болады.

Құжат қабылдау

«Бұл жердегі біздің басты мақсатымыз «Аз құжат – көп идея» ұстанымын басты назарға алып отырмыз. Яғни талап етілетін құжаттар көлемі санаулы бізге тек жаңа идеялар қажет», - деді комитет төрағасы Шахмардан Байманов.

Үміткер құжат қабылдау аяқталған кезде 14 жасқа толған және 29 жастан астауы тиіс. Конкурстық өтінімдерді мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде тапсырады.

1) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (алпыс секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Сонымен қатар, талаптары жеңілдетілген грантта ешқандай кәсіби деңгейлер мен тәжірибелер талап етілмейді.

«Қазақта «Жүзден-жүйрік, мыңнан -тұлпар» деген жақсы сөз бар. Бұл грантта барлық дарынды жастар идеяларымен бәсекелестік алаңында бақ сынасады» », - деді Шахмардан Байманов

qogam.gov.kz сайты

Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (qogam.gov.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында кеңінен жарияланып жатыр.

Күтілетін нәтижелер

1. Жастардың кәсіби және тұлғалық даму деңгейі артады.

2. Елдегі   жастарды   жаңа   идеяларды,   бастамаларды,   стартап-жобаларды     әзірлеуге     арналған     конкурсқа     қатысуға,     зерттеулерді жүргізуге ынталандыру деңгейі артады.

3. Елдегі   жастардың   мемлекет   іске   асыратыноларды   қолдау

жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы хабардар болу деңгейі артады.

4. Қазақстандық   патриотизм   деңгейін   арттыруға   және   талантты жастардың шетелге кетуін азайтуға ықпал етеді.

5. Халықаралық     платформаларда     жас     қазақстандықтардың табысты жобаларын   ілгерілету   және   танымал   ету,   еларалық   өзара   іс-қимылды дамыту;

6. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін арттыру.

Барлық жаңалықтар