• Басты
  • 30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр

30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр

21 Шілде, 2021 17:29

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайрымды істер марафоны» жобасы бойынша іс-шараларды іске асырудың аралық қорытындылары таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Қайырымды істер марафоны»

Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың мәлімдеуінше, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 300-ден астам шара өткізілген.Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілген.Сонымен қатар, ол «Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратылған.

Сонымен қатар, елорда тұрғындарының шынайы тәуелсіздік мерекесін сезінуіне еріктілердің қосқан үлесі көп екенін жеткізді. Соның ішінде, қыс мезгілінде волонтерлер мұқтаж отбасылардың ауласын қардан тазартып, дәрі-дәрмек әкеп беруге көмектескен.

«Мысалы, «Қайырымды істер марафоны» аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында әкімдіктің бастамасымен 2 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілді», - деді Дәурен Бабамұратов.

Оның айтуынша, аталған көмекті қарттар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар алған. Сонымен қатар, бұл марафон жылдың аяғына дейін жалғасады.

«Оны арнайы айтып отырған себебіміз, 30 жылдық аясындағы қайырымды істерге тағы да демеушілер тартып, тек азық-түлік себетін таратумен шектелмей, жалпы мұтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді», - деді Дәурен Бабамұратов.

Кімдер көмек сұрай алады

Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, «Қайырымды істер марафоны» аясында берілетін көмек негізінен қаладағы аудандық әкімдіктер бекіткен тізім бойынша таратылуда. Алайда, ешбір санатқа жатпаса да, нақты қиналып отырған отбасы болса, жергілікті әкімдікке жүгініп, көмек сұрай алады.

«Осы мереке аясында мұқтаж отбасыларға 3 мыңнан астам ет бөліктерін таратылды. Кеше мыңға жуық тараттық, бүгін және ертең таратамыз. Бұл жерде де ет таратылатын отбасылар «Қайырымды істер марафоны» сияқты ресми тізім бойынша анықталған», - деді Дурен Бабамұратов.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4 ауданда әлеуметтік бағыттағы бөлімдер бар екен. Сол бөлімдерде осы тізімдер жасақталған. Егер аудандық әкімшілікпен тікелей байланыста болса, тиісті ауданға хабарласып, жазылуға болатынын жеткізді.

«Ол жерде мұқтаж отбасылардың бекітілген тізімі бар. Біз азық-түлік себеттерін сол тізім бойынша аталған аудандар арқылы таратамыз. Бұл іске қалалық және аудандық әкімшілік қызметкерлері демалыс күндері өз еріктерімен қатысып жүр», - деді ол.

Оның сөзінше, елордада 500-ден астам волонтерлер корпусы бар. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер атсалысуда.

«Мұқтаждар қатарына жатпаса да, дәл сол мезетте азық-түлік себетіне мұқтаждық сезінген отбасылар да көмек сұрай алады. Ол үшін аудандық әкімдіктегі әлеуеметтік бөлімге жүгініп, нақты мұқтаж екенін дәлелдеп, өтініш білдірсе болды», - деді Дәурен Бабамұратов.

Жоспарланған іс-шаралар

Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, биыл Тәуелсіздік мерейтойы аясында елордада 800-ден астам шара өткізу жоспарланған екен. Бүгінде соның жартысына жуығы жүзеге асқан. Алайда, бұл жобаның ауқымы мен форматына кейбір түзетулер енген. Оның бәріне пандемиямен байланысты шектеулер себепкер екенін айты.

«Пандемия Тәуелсіздік тойына сөзсіз әсер етті. Өкінішке қарай, қатаң санитарлық талаптар бойынша және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты жабық ғимараттың ішінде өтуі жоспарланған, аса маңызды көптеген іс-шараны онлайн форматта өткізуге мәжбүр болып отырмыз», - деді ол.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін бірнеше шараның көлемі азайып, қатысушылар санын шектелген. Ахуал осылай жалғасатын болса, алдағы уақытта да көптеген жоспарға түзетулер енгізіледі.

Сонымен қатар, жиында меценат, дизайнер Мансура Жәкен бизнесмендер тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қайырымды істерге көбірек атсалысу керек екенін жеткізді.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында меценат деген атқа сай тұрғындар көп. Осы тұста, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қайырымды істер марафоны» және «30 қайырымды іс» атты акциялардың жүзеге асып жатырғанын атап өтті.

«Мен де сол акцияларға қатысып жүрмін. Сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңмен істеген. Сондықтан Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына өз қолымнан шыққан кескіндемелік пано сыйлаған болатынмын. Бұл мозаикада қазақ жігіттерінің өр рухы әспеттелген. Нарықтағы құны – 35 млн теңге», - деді ол.

Сондай-ақ, дизайнер жақын адамдарға көмектесу қазақ халқының қанында бар қасиет екенін еске салып, әріптестерін, күн сайын игі істерге себепкер болуға шақырды.

«Қайырымды істер марафоны» аясында әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға өзім кескіндеген 7 есікті сыйға тараттым. Олардың жалпы құны – 4 млн теңге. Сонымен бірге мен автоволонтер ретінде де «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмыстарына атсалысамын», - деді Мансура Жәкен.

Барлық жаңалықтар