- Басты
- Жаңалықтар
- Білім және ғылым министрлігі білім саласынан ескірген 730 пәнді алып тастады
Білім және ғылым министрлігі білім саласынан ескірген 730 пәнді алып тастады
Бүгнгі таңда қазақстандық білім беру саласының жаңғыртылуы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Ең алдымен аталған саланың мазмұны жетіледі. Бұл жайында Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағарламасында айтылған.
«Министрлік сарапшыларының жасаған қорытындыға сәйкес, жалпы орта білім беру жоспарына өзгерістер енгізілген. Техникалық және кәсіби білім беру саласында сұранысы төмен пәндердің көшін «Валеология», «Қоғамтану», «Экономика негіздері» сынды пәндер бастап тұр» делінген ведомство таратқан хабарламада.
Ескірген және сұраныс жоқ пәндерді анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарының типтік жоспарларына тексеру жүргізіліп, 730 ескірген пән айналымнан алынды және 560 пән таңдаулы пәндер қатарына қосылды.
«Мәселен, «Ұсақдана силикат материалдар», «Ағаш өндірудегі пластмассалар», «Тау құқығы», «ҚР сыртқы саясатындағы энергетикалық фактор», «Жерасты урбанистикасы», «Революцияға дейінгі тарихнама» және өзгелері. Пәндердің көпшілігі «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар мен тенологиялар», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» сынды мамандықтардың топтары бойынша айналымнан шығарылды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, білім беру саласынан алынып тасталынған осынау пәндер орнына бүгінгі заманға қажетті пәндер енгізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді