• Басты
  • 3 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін
28 Шілде, 2020 13:29

3 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін

Карантин енгізілген 3 аптада ауруханаларда бос орындар пайда болды. Демек, науқастардың саны да азайып келеді. Төсек орындардың бос болмауы 90% - дан 47% - ға дейін азайды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

3 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық жиналысы елдегі эпидемиологиялық ахуал төңірегіндегі мәселелерге арналды.

Жиналыста берілген есеп бойынша, дәл қазір елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Дәрігерлерге түсетін жүктеме едәуір жеңілдеген.

Денсаулық сақтау министрі дайындаған есеп көреткендей, ҚР-да COVID-19-дан сауығып кеткендердің жалпы саны 63%-ды құрап отыр. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген.

Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді А. Мамин.

Маминнің тапсырмасынан кейін министрліктер мен облыс әкімдері есеп берді, жаңа жоспар құрды.

Мәселен, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 тамызда карантин мерзімі біткен соң, шектеу шаралары жеңілдетілетінін айтты.

Егер санитарлы-дезинфекиялық режим мен медициналық бетперде кию, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау режимі қатаң сақталса, алдағы 1 аптада инфекцияның таралуы тағы да азайса, өлім-жітім саны да төмендесе, кейбір инфраструктуралық нысандардың ашылуына рұқсат етіледі. Олар:

-Сауда ойын сауық орталықтары уақыт пен күндеріне шектеулер қойып, жабық азық-түлік базарлары, азық-түлік емес базарлар;

-Балалар түзету орталықтары, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, бір топта 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

-Мектепке дейінгі мекемелер – кезекші топтар режимінде;

-Сән салондары, шаштараз, кометологиялық қызмет көрсету орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істей алады;

-Мемлекеттік орган қызметкерлері мен кеңсе жұмыскерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеу формасында қалады;

Ашық аспан астында жеке және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып топтық спорт жаттығуларын жасауға;

Көшелерде, саябақтарда, жағалауарда 3 адамнан көп топтаспай серуендеуге;

Қоғамдық көліктер уақыт шектеуімен және 50% жолаушылармен ғана толтырылып қозғалуына болады;

 Сондай-ақ кейбір шектеу шаралары сақталады:

-Бұқара жиналатын іс-шаралар, ойын-сауық орындары, кинотеатрлар, фудкорттар, банкет залдары;

-Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары;

-Мәдениет нысандарының жұмысы, музей, мәжілістер, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады;

-Спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметі;

Діни мекемелердің де қызметіне шектеу сақталады;

-Қала сыртындағы жолаушылар поездары, ортақ вагондар құру, қалалар арасындағы автобустардың қозғалысына шектеу өз күшінде қалады.

   Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдай

Алғаш болып есеп берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің дерегі бойынша, елордадағы денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды:
-Жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді;
-КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 73-ке дейін азайды;
-Жалпы шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1000-ға дейін төмендеді;
-Пневмониямен жатқан азаматтар саны 45%-ке (1348 ден – 746 ға деін) азайды;
стационарлардың жүктемесі 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді.

Ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орындар, 350 оттегі концентраттарын, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алдық. Қосымша тағы да медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Компьютерлік томограф арқылы тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізілуде.
Дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар дистрибьютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді. 12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы жеткізілді.
Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні шамамен 1-айға жеткілікті қор қалыптастырылды, - деді Алтай Көлгінов.

Ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орындар, 350 оттегі концентраттарын, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алдық. Қосымша тағы да медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Компьютерлік томограф арқылы тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізілуде. 
Дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар дистрибьютерлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді. 12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы жеткізілді.
Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні шамамен 1-айға жеткілікті қор қалыптастырылды, - деді Алтай Көлгінов.

Алматыдағы жағдай

Онлайн жиналыста сөз алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жедел-жәрдемге пневмония күдігімен түсетін шақыртулар 4 есеге азайған.

Стационарларға түсетін науқастардың саны 2 есеге қысқарды. Сондай-ақ қала емханаларына денсаулығына шағым түсіріп барушылар да 2 есеге азайғанын да айтты.

Бүгінгі таңда коронавируспен күреске 27 медициналық ұйым жұмылдырылды. Төсек-жабдықтардың жалпы саны 6096 орын. Орындардың бос болмауы 90%-дан 50%-ға дейін азайды. Алдағы уақытта жағдайы ауыр науқастарға арналған инфекциялық орын жабдықтары 1015 орынға артады деп жоспарланып отыр, - деді Сағынтаев.

Мегаполис басшысының айтуынша, осы кезге дейін Алматыда 394 мың ПТР зерттеуі жүргізілген. ПТР тестілеудің тәуліктік нормасы 9550 зерттеуді құрап отыр. Медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, медицина құралдарымен қамтамасыз ету ісі жолға қойылды. Бұған 10 млрд теңге бөлінді. 94 атаулы препараттарды артығымен алып қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаланың дәрі қоймаларында бүгін 2,8 млн препарат сақтаулы.

 Шымкент қаласындағы жағдай

Шымкент әкімі М.Әйтенов есеп беруді провизорлық төсек орындар санынан бастады.

Инфекциялық және провизорлық стационарларда дер кезінде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860 - қа жеткізілді. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Оның ішінде реанимациялық төсек орнының саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылды, - деді.

Әйтенов басқарып отырған қалаға 58 өкпені жасанды желдету аппараты, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алыныпты.

Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы 138 ИВЛ аппараттарымен қамтылған.
Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілді. 2 ауруханада кислород станциясы іске қосылды, - деді Шымкент қаласының әкімі.

Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы 138 ИВЛ аппараттарымен қамтылған.
Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілді. 2 ауруханада кислород станциясы іске қосылды, - деді Шымкент қаласының әкімі.

Науқастарға алғашқы көмек көрсету мақсатында Шымкентте 197 мобилді бригада құрылып, 15 693 науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілген.Сонымен бірге, 45 074 азаматқа мобилді бригада қызметтері арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді.

Атқарылған жұмыстар қалада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Жедел жәрдем көмегін шақыртулар саны күніне 2 320-дан 1321 дейін, яғни 43 пайызға азайды. Стационарларда ем алушылардың саны 2 882 адамнан 1240 адамға дейін, яғни 56,9% төмендеді. Сационарлардағы төсек орынның жүктемесі 33% дейін кеміді, - деп қорытты ол.

 

Қостанай облысындағы жағдай

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз есебінде 2188 төсек орынның берілгенін, оның 1734-і провизорлы стационарлардыкі екенін айтты.

Қазір орындардың бос болмауы 90%-дан 63%-ға кеміді. Колл орталықтардың жұмысын күшейттік. Күнделікті түсетін қоңыраулар саны 180-нен 120-ға дейін азайды. Емханалар жанынан 160 мобильді топ құрылды. Олар науқастардың үйлеріне барып көмек көрсетеді. Бұрын жедел-жәрдемге шақырулар күніне 180 еді, қазір орташа есеппен күніне 120 шақырту түсіп тұр, - деді аймақ басшысы.

Қостанай облысында тәулігіне 400 ПТР тестілеу жасалады. Медициналық мекемелерде екі аптаға жететін дәрі-дәрмек бар. Облыс әкімі оттегі аппараттары жайында айтты.

Облыстық медицина ұйымдарында 247 ӨЖЖ аппараттары бар. Алдағы уақытта отандық өндірушілерден тағы 200 аппарат сатып алуды жоспарлап қойдық, - деді әкім.
Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтылық деңгейіне өтті. Коронавирустан емделіп шыққандар 63%-ға көбейді. 
Барлық жаңалықтар