- Басты
- Жаңалықтар
- «Ауыл» партиясы мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі АӨК дамыту мәселелерін талқылады (ФОТО)
«Ауыл» партиясы мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі АӨК дамыту мәселелерін талқылады (ФОТО)
Кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, бизнес-қоғамдастықтардың, фермер шаруашылықтарының өкілдері, сондай-ақ аграрлық саладағы сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
«Агроөнеркәсіптік кешен Мемлекет басшысының қойған міндеттерін жүзеге асыруда ерекше орын алады. Біріншіден, ауылдық жерлерде, шамамен 7 000 елді мекендерде 8,0 млн-ға жуық адам тұрады немесе ол еліміздің тұрғындарының 45%-ы. Екіншіден, барлық дүниежүзіндегі сияқты, Қазақстанда аграрлық өндіріс халық шаруашылығы кешенінің ірі саласы болып табылады», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Али Бекетаев.
Кездесуге қатысушылар атап өткендей, АӨК ел экономикасының өсімінің жаңа драйверлерінің бірі болады. Оны іске асыру үшін ауылшаруашылық өндірісін дамыту, әлемдік нарықта экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды ұлғайту, еңбек өнімділігін жоғарылату және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Талдау көрсеткендей, Қазақстанның 180 млн.га жайылым жері бар және әлемдегі сиыр етін импорттаушы ең үлкен он елдің екеуі - Ресей және Қытаймен шектеседі. Біздің елдің сиыр етін экспорттау бойынша осы екі елдің өзіндегі әлеуеті сарапшылармен жылына шамамен 5 млрд. АҚШ доллары сомасына бағаланады. Бұл Қазақстанның астық экспортынан түсетін табыстан біршама жоғары.
«ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтың айтуынша, Холдинг компанияларымен ауылдағы агробизнес субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін дамыту жөніндегі мемлекеттің саясаты белсенді жүзеге асырылуда. АӨК субъектілерін тікелей несиелеу көлемі жыл сайын ұлғайтылуда. Мысалы, 2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 16%-ға өсті (186 млрд. теңге болды, 2014 жылы 160,2 млрд.теңге болған). Несиені 14 мыңнан астам АШТӨ мен жеке тұлғалар алды. Бұл шамамен 27 мың адамды жұмыспен қамтуға ықпалын тигізді.
Кездесу шеңберінде тараптар бірлескен Момарандумға қол қойды, оған сәйкес «Ауыл» партиясы мен «ҚазАгро» холдингі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін, ауыл халқының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілерін және ауыл халқын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүргізу мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді