- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттік әскери мектеп тәрбиеленушілері жаңа бағдарлама бойынша оқиды
Шымкенттік әскери мектеп тәрбиеленушілері жаңа бағдарлама бойынша оқиды
Жеке оқу пәндерін, оның ішінде бастапқы әскери дайындықты оқу сағаттарының санын ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар жаңа пәндер пайда болады. Мәселен, бағдарламаға кірген мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне екінші қосымша шет тілі – түрік тілін қосу жоспарлануда.
Мектеп басшылығының айтуы бойынша қазіргі мақсатымыз оқу орнын сапалы жаңа деңгейге шығару болып отыр. Ұландар – қазақстандық армияның болашақ офицерлері жан-жақты дамыған, білімнің әртүрлі саласында зияткер, болашақ командирлердің бойындағы көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиеттері болуы тиіс.
Мектепте бұған қоса қосымша жаңа факультативтік сабақтар, яғни, әр ұланның қызығушылығы бойынша үйірмелер енгізіледі. Олардың саны 2-ден
10-ға дейін ұлғайтылды. Осылайша, мектеп тәрбиеленушілері енді компьютерлік модельдеуді, хореографиямен шұғылдануды, әскери әдепті және тағы басқаны үйренеді.
Мектеп оқытушылары да назардан тыс қалмайды. Олар шетел тілдерін үйренуге мүмкіндік алады.
Келешекте Шымкент шаһарындағы әскери мектептің осы бастамалары мен тың жаңалықтарын Алматы мен Қарағанды қаласындағы әскери мектептер де қолдауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қазанында бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болған Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы Республикалық әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілгенін және 2015 жылғы 26 қыркүйектегі Үкімет қаулысына сәйкес қайта аталған.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді