• Басты
  • ҚМДБ: Н.Назарбаевтың дінаралық диалогты дамыту бойынша жаһандық бастамалары күллі әлем үшін маңызды
24 Желтоқсан, 2015 19:43

ҚМДБ: Н.Назарбаевтың дінаралық диалогты дамыту бойынша жаһандық бастамалары күллі әлем үшін маңызды

Қазақстан Президенті мықты мемлекетті дамытуда, тіпті ұлттық мінезді қалыптастыруда басты рөл атқарды. Бұл туралы «Strategy2050.kz»АА Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан хабарлады.

ҚМДБ: Н.Назарбаевтың дінаралық диалогты дамыту бойынша жаһандық бастамалары күллі әлем үшін маңызды | Strategy2050.kz

Қазақ елі талай зұлматты замандарды бастан кешіріп, ақырында Хақ жарылқап күн туды, Алаш баласы ақ түйенің қарны жарылғандай айран-асыр қуанды. Содан бері еліміз, Құдайға шүкір, тұрақты даму үстінде, қазақтың жерінде сан алуан ұлт-ұлыс  өкілдер  тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осының бәрі Алаш еліне берген Тәңірдің тартуы, өлшеусіз рақымы десек, сол тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын ел басшысын тағайындап беруі тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз жөн.

Елбасымыз еліміздің өркендеуіне, мығым мемлекет болып қалыптасуына ерен еңбек сіңіріп келеді. Соның ішінде ұлттық болмысымыздың, діліміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің қайта жандануына, әрі қарай дамуына қосқан үлесі де үлкен. 

Айталық, әу баста Қазақстан мұсылмандарының дербес діни басқармасының құрылуына тікелей ықпал жасады. Жастардың діни білім алуына жол ашты. Қаншама мешіт-медреселердің салынуына тікелей қолдау көрсетті. Облыс орталықтарындағы зәулім-зәулім жәми мешіттер соның айғағы. Сондай-ақ, қазақ жастарының өз жерінде діни білім алуы үшін Мысыр елімен бірігіп Нұр-Мүбәрак сынды іргелі оқу ордасының іргетасын қалады.  Ел мұсылмандарының Меккеге еркін түрде қажылыққа баруына жағдай жасады. Осының барлығы «Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік» деген қағиданы ұстанған Елбасымыздың дініміздің ең басты жанашыры екендігін дәлелдейді. Материалдық бақуаттылықпен бірге рухани байлықты ешқашан да естен шығармағандығын білдіреді.
Қазақстанда Ислам дінін дамытуға бағытталған іс-шараның барлығы Елбасының тікелей қолдауымен атқарылып жатыр. Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау өзекті мәселелердің бірі. Қай діннің өкілі болмасын, өз тіршілігінің тыныштығын, тұрақтылықты қолдайды. Осы тұрғыдан алғанда діндер арасындағы диалогты дамыту бүкіл әлемдік жауапкершілік. Ал осы жауапкершіліктің тізгінін Қазақстан сынды мұсылман елінің ие болуы көп жайтты аңғартса керек. 

Діндер арасындағы диалог мұсылманшылыққа да жат дүние емес. Алла Тағала Пайғамбарды  (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен сұхбат құруға шақырған. 
Ендеше, хақ діннің өкілі ақиқат жолында өзгемен пікір алысудан неге қорықсын?! Әлемде түрлі арандатушылықтардың белең алып жатқаны жасырын емес. Бұл - дін өкілдері арасындағы үнқатысуды, ортақ үндесуді, терезесі тең отырып тілдесуді қаламайтын теріс пиғылды жандардың әлі де көп екенін көрсетсе керек. 

Сондықтан, дін өкілдері арасындағы мұндай үнқатысу, әсіресе, мұсылмандар үшін таптырмайтын мүмкіншілік екені даусыз.  Осы уақытқа дейін   Елбасының бастамасымен  Астанада  әлемдік  және дәстүрлы дін көшбасшыларның V рет  құрылтайы өтуі сөзімізге дәлел. Әсіресе,  әлемдік  қаржылық дағдарыстың дендеп тұрған 2015 жылы  және  Сирия мен Ирак жерінде құрылған «Ислам мемлекетінің»  күшейіп тұрған уақытында өтуі ерекше маңызға  ие.    Осы  басқосуда  Елбасы қорытынды декларация мен үндеу  қабылданарда  әлемдік қауымдастықты алаңдатып ортырған  бірқатар  аса өзекті мына   мәселелерді қосуды ұсынған болатын: 

Бірінші. Барлық әскери жанжалдарды тоқтату және бітім жариялау. Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссөздер үстеліне отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау, бүкіл қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жөнінде келісімдер қалыптастыруы тиіс.

Екінші. Кез келген елде және мемлекетаралық қарым-қатынастарда кез келген саяси қарама-қайшылықтарды шешудің күш қолдану тәсілдері батыл түрде теріске шығарылуы керек.

Үшінші. Бүкіл жетекші державалардың саяси лидерлерін қазіргі заманғы әлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға шақыру маңызды. Салдарынан «үшінші әлем» мен қарапайым адамдар ауырырақ зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді ХХІ ғасырда «қырғи-қабақ соғыс» уақытының стереотиптерін, әсіресе, блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Бүгінде қарама-қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату үшін БҰҰ мен қауіпсіздіктің өзге де халықаралық құрылымдарының мүмкін деген барлық тетіктерін пайдалану керек.

Төртінші. Барлық адамдарды саналылыққа және интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы дінаралық араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тәжірибесін тоқтатуға шақыру қажет. Бұл тұрғыда БАҚ-тардың қожайындары мен баспагерлерінің, өздерін «төртінші билік» деп атайтындардың бәрінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек.

Бесінші. Мемлекеттер мен қоғамдарға кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зұлматтар мен техногендік апаттар проблемаларын шешу үшін күш-жігерді біріктіру өмірлік тұрғыда қажет.
Әрине, Президентіміздің  бұл айтқандарының бәрі аса маңызды әрі  іске асыруға болатын жағдайлар.  Тек   дүниежүлік саясатты айқындап отырған алпауыт мемлекет  және әлемдік дінбасыларының  ниеті мен  халқын артына  ерте алуында ғана.  Түптің түбінде Елбасымыздың пікірлері мен  ұсыныстарын орындаудан басқа адамзатқа  өзге жол жоқ екені ақиқат. 

Биылғы тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай  мерекелік басқосуда    Нұрсұлтан   Әбішұлы   әлемде 1,5 миллиард адамның тойып тамақ ішпейтінін,  соғыстардың салдарынан 40 миллион адамның босып кеткенін, миллиондаған балалардың сабаққа бара алмай отырғанын   ашына айтқан болатын.  Мұның барлығы соғыс  не лаңкестік әрекеттер болып жатқан елдерде ( Сирия, Ирак, Ливия және т.б.  мемлекеттерде не болып жатқанын бір сәт ойланайық) екені айтпаса да түсінікті.    Сондықтан  ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған мамыражай, бейбітшілік заманның қадірін біліп, басшымызға бағынып,  ізінен еруге тиіспіз. Өйткені басшыға бағыну шариғаттың айнымас қағидаларының бірі болып табылады. Мұсылмандық таным тұғырнамасында басшыға, имамға бағыну иманның ажырамас бөліктерінің бірі. Алла Тағала барлық иман келтірген, өзін мұсылманмын деп санайтын жандарға былай деп бұйырды:

Яғни, дінімізде басшының да, қосшының да өз жауапкершілігі бар.  Әрбірінен сол жауапкершілігі жайлы есеп алынады. Басшының жауапкершілігі еліне адал қызмет ету болса, ал қосшының жауапкершілігі сол басшыға бағыну арқылы қоғамның қауіпсіздігіне кепіл болу.

Біздің Елбасымыз, Құдайға шүкір, әрдайым ізгілікке бастайтын халқының адал да ардақты ұлы.  Ол бір сөзінде: «... халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін», - деп,  елдегі ақсақалдарға, жалпы жұртшылыққа насихатын айтып өтті. Бұдан артық не айтуы керек?

Халқымыз: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді. Ендеше,  бүкіл әлемді шарпып отырған дағдарысқа мойымай,  уақытша қиыншлықтарды айтып таусыла бермей, тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, ата дінімізді мықтап  ұстанып,  Елбасының төңірегіне топтасып, барша  қазаққа ортақ мақсат-мүдделерімізге жету үшін лайықты қызмет ете алсақ, бірлігімізге бекем болсақ, егемен еліміздің туы әрқашан да биік,  тәуелсіздігі баянды болмақ.

Индира Кауметова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды