- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті
Ақмола облысында ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті
Дәстүр бойынша «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» іс-шарасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнебайланыс арқылы құттықтауынан басталды.
Бұл дәстүрлі мерекеге жетім балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар және дарынды жеткіншектер, яғни облыс бойынша жиналған 200-ден астам бала қатысты.
Мерекелік кеште жиналғандарды өңір басшысы Сергей Кулагин құттықтады.
«Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендердң бақытты, дендерің сау болып жақсы білім алуларың үшін көп жұмыс жасауда. Өйткені сендер – біздің болашағымызсыңдар! Біз сендердің жақсы өмір сүрулерің үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар!» деді өңір басшысы.
Балалар осы күні ертегілік кейіпкерлердің ойындары мен шағын қойылымдарын тамашалады.
Шара соңында өңір басшысы барлық балаларға Президент атынан сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ барлық қатысушылар «Лапландияға» экскурсия жасап, мерекелік түстік ас ішті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер