- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Президенттік шыршаға 300-ге жуық бала қатысты
ШҚО-да Президенттік шыршаға 300-ге жуық бала қатысты
Ертегі әлеміне сапар шеккен бүлдіршіндердің көпшілігі оқуда, мәдениет пен спортта жетістікке жеткен және әлеуметтік тұрымысы нашар, көпбалалы отбасынан шыққан, ата-анасыз қалған жасөспірімдер болды.
Шырша мерекесіне орай облыстың түкпір-түкпірінен келген кішкентай қонақтар Елбасының құттықтауын тыңдады.
«Біздің ел аз уақыттың ішінде мықты, тәуелсіз мемлекетке айналды. Біз көптеген ұрпақтардың ұлы армандарын орындадық. Әр қазақстандық Отанының гүлденуіне өз үлесін қосуда. Сіздердің оқу, спорт және шығармашылықта талай белестерді бағындырғандарыңызды білемін. Сіздердің жетістіктеріңіз биік белестерге апарар алғашқы қадам. Сіздерді шын жүректен Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мерекелік шара соңында ғажайыптар әлеміне саяхат жасаған жас жеткіншектер Аяз ата және Ақшақармен бірге жаңа жылдық шыршаны жақты.
ҚР Президенті атынан және облыс әкімдігі атынан өткен шырша мерекесіне қатысқан оқушылардың барлығы сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, мерекеге орай қалада орналасқан мұражайларға экскурсиялар ұйымдастырылса, кинотеатрларда түрлі мультфильмдер көрсетілуде.
Айта кетерлік жайт, желтоқсанның 23-інен бастап, облыстың барлық мектептері мен шағын орталықтары, балабақшаларында жалпы саны 34 000 баланы қамтыған мерекелік шаралар мен кештер өтуде.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды