Петропавлда Жаңа жылды атап өту үшін 7 мұз қалашық салынды – әкімдік

26 Желтоқсан, 2015 10:02
Бүгінде Петропавл қаласының аумағында 7 мұз қалашық, 30-дан астам мұз айдыны салынды, сонымен қатар 13 шырша орнатылды, оның ішінде 3 ЛЭД-шырша, деп хабарлады СҚО әкімдігі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, облыста барлығы 322 түрлі қалашық салынады. Сонымен қатар 375 мұз айдынын құю және елді мекендерде 329 шырша орнату жоспарланған.  

«Бүгінде облыс орталығының аумағында 7 мұз қалашық, 30-дан астам мұз айдыны салынды, сонымен қатар 13 шырша орнатылды, оның ішінде 3 ЛЭД-шырша», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, басты алаңдарда шағын архитектуралық мүсіндер, көше бойларында шарық шамдар, гирляндалар қойылған. 

Барлық жаңалықтар