- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімдігі мен ЕҚДБ 11 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды
ШҚО әкімдігі мен ЕҚДБ 11 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды
Келісім шартына сәйкес ЕҚДБ Семей қаласындағы «Семей водоканал» және «Теплокоммунэнерго» мекемелерінің орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін жаңғыртып, сумен қамту және су тарту инфрақұрылымын қайта жөндеуден өткізеді.
Осы кезекте Қазақстан Республикасының Үкіметі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту ұлттық бағдарламасын дамыту аясында аталмыш жобаларға жеңілдетілген қаржы түрін бөледі.
ЕҚДБ тарапынан бөлінген инвестиция жылыту және сумен қамту жүйелерінің тозығы жеткен желілерін жаңартуға, заманауи қондырғыларды және автоматтандырылған басқару жүйесін орнатуға, энергия тиімділігін арттыру және экологиялық стандарттарды жақсарту мақсатында санау құралдарын орнату бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
«Энергетика және ресурстарды тиімді пайлану ЕҚДБ-нің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз Қазақстан Республикасымен «жасыл экономиканы» дамыту жобалары бойынша тығыз қарым-қатынас орнаттық. Семей қаласындағы сумен және жылумен қамту жүйелерін жаңғырту да аталмыш жобалар қатарынан. Бұл Семей қаласы үшін энергия көзін және су шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті Ресей мен Орталық Азиядағы ЕҚДБ-нің инфрақұрылым бойынша директоры Екатерина Мирошник.
Бүгінгі таңда ШҚО әкімдігі халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту бойынша қарқынды жұмыс атқаруда. Жалпы құны 171,1 млрд.теңге болатын Өскемен мен Семей қалаларында 5 жоба Еуропалық даму және қайта құру банкі арқылы іске асырылады. Оның ішінде 16,9 млрд.теңгені құрайтын жобалары жоғары маңызға ие.
«Президент Жолдауын жүзеге асыруда даму институттарынан қаржы тарту және мемлекеттік жеке-меншік әріптесті дамыту біз үшін маңызды болып табылады», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 5,9 млрд.теңгені құрайтын Өскемен мен Семей қалаларында көше жарықтандыру құралдарын энергия үнемдеуіш шамдарға ауыстыру және Өскемен қаласындағы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін модернизациялау бойынша қосымша 3 жобаға қол қойылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері