- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй салу жоспары 6,6 %-ға асыра орындалды - «Бәйтерек» холдингі
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй салу жоспары 6,6 %-ға асыра орындалды - «Бәйтерек» холдингі
Сонымен, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес Холдинг алдында 2015 жылы Қазақстан бойынша 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 мың пәтерді пайдалануға тапсыру міндеті тұрды.
«Бүгінгі күні тұрғын үйдің 416,8 мың шаршы метрі немесе 7 062 пәтері пайдалануға берілді. Қосымша жыл соңына дейін тағы да 10,7 мың шаршы метрді немесе 175 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр. Осылайша, 2015 жылы барлығы 427,5 мың шаршы метр немесе 7 237 пәтер пайдалануға беріліп, тұрғын үйді енгізу жөніндегі осы жылғы міндетіміз 6,6 %-ға асыра орындалады», - делінген холдинг хабарламасында.
Бүгінгі күннің жағдайы бойынша мынадай қалаларда жалдамалы тұрғын үйді енгізу қамтамасыз етілді: Астана (алаңы 23 мың шаршы метрлік 394 пәтер), Алматы (алаңы 111,5 мың шаршы метрлік 1 885 пәтер), Шымкент (алаңы 85,9 мың шаршы метрлік 1 572 пәтер), Ақтөбе (алаңы 31,3 мың шаршы метрлік 478 пәтер), Тараз (алаңы 28,5 мың шаршы метрлік 450 пәтер), Қарағанды (алаңы 10 мың шаршы метрлік 152 пәтер), Қостанай (алаңы 5,5 мың шаршы метрлік 91 пәтер), Семей (алаңы 9,5 мың шаршы метрлік 192 пәтер), Қызылорда (алаңы 59,6 мың шаршы метрлік 950 пәтер), Талдықорған (алаңы 1,7 мың шаршы метрлік 30 пәтер), Павлодар (алаңы 10,6 мың шаршы метрлік 215 пәтер), Ақтау (алаңы 19,4 мың шаршы метрлік 316 пәтер), Көкшетау (алаңы 19,9 мың шаршы метрлік 337 пәтер).
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды