• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан ірі логистикалық орталықтың құрылысы басталады – А.Мұхамбетов

Ақтөбе облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан ірі логистикалық орталықтың құрылысы басталады – А.Мұхамбетов

8 Қараша, 2013 11:56
Алдағы уақытта Ақтөбе облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойынан ірі логистикалық орталықтың құрылысы басталады. Оған «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы қатысып, 43 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалады. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз брифингінде Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының «жасыл» экономиканы дамыту туралы берген тапсырмасы бойынша қуаттылығы 96 мВт-тық электростанция жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 200 млн АҚШ долларын құрайды», - деді А.Мұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, облыс көлемінде көптеген көлік-логистикалық орталықтар салынып жатыр. Тіпті құны 25 млн долларға тең алғашқы орталық қолданысқа беріліп те қойылған.

«Жоба жоспарланған қуатпен ел игілігене ұсынылды. Жақын арада «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойынан ірі логистикалық орталықтың құрылысы басталады. Оған «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы қатысып, 43 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалады», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, аталмыш ірі жобалар жүзеге асырылу үстінде. Сонымен қатар, 10 млн доллар құны бар ондаған шағын жобалар да қарастырылуда.

«Тек облыс ішінде ғана әріптестік түзілмей, республика көлемінде өңіраралық әріптестіктер де түзілуде. Осы мақсатта форумдар ұйымдастырылуда. Қазірдің өзін құны 20,7 млн АҚШ доллары тұратын ондаған келісімшарттар жасалды», -деп түйіндеді әкім.

 

 

Барлық жаңалықтар