- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне арналып айлақ салынады (ФОТО)
2016 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне арналып айлақ салынады (ФОТО)
2015 жылы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің құрылу тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағының аумағында салынатын корабльдердің тұрақтауына арналған теңіз айлағы құрылысының басталуы болды. Айлақтың болуы ӘТК-нің жауынгерлік және күнделікті тыныс-тіршілігіне оң ықпал етеді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері Баутино кентінде жалға алынған айлақта әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілердің қызмет ету орындарынан өздерінің отбасыларына дейін ұзақ қашықтық болып табылады.
«ҚР ҚК ӘТК корабльдердің орналасу пунктінің құрылысы аяқталысымен Ақтау қаласының айлағында Әскери-теңіз күштеріне Каспий теңізінің қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, сондай-ақ Каспий теңізінің кез келген ауданына корабльдердің шығуын жедел жүзеге асыруға, тасымалдау мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен уақтылы қамтамасыз етуге, техниканың мотоқоры мен қару-жарағын үнемдеуге мүмкіндік береді және жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды анағұрлым қысқартады», - деді ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.
Айлақтың құрылысымен Ақтау қаласы айлағының аумағында ауданы 1.2 га бөлінген жер телімінде «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы айналысып жатқанын айта кетейік. Бүгінгі таңда су айдынының учаскесі 100%-ға дайын және айлақтың қабырғасын құю үшін материалды әкелу жүзеге асырылды.
Әскери-теңіз айлағының құрылысы 2016 жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды