- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Президенттік жаңа жыл шыршасы өтті
Қазақстанда Президенттік жаңа жыл шыршасы өтті
ҚР БҒМ хабарлағандай, Астанада ҚР Президенті атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша жаңа Оқушылар сарайында өтті. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты мерекелік шараға 9 бен 13 жас аралағындағы 200 бала қатысты. Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі және спортта, шығармашылықта, қоғамдық шараларда түрлі жетістікке жеткен балдырғандар бар. Мерекелік кештің басты идеясы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты құндылығы ретінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу мәселесі болды.
Кішкентай астаналықтарды ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтады. Ертегі қойылымынан кейін балалар аниматорлардың өнерін тамашалап, Оқушылар сарайындағы экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында планетарий мен интерактивті саябақты аралады. Шара соңында балдырғандар мерекелік дастарханнан дәм татып, естелік ретінде суретке түсті. Сондай-ақ, түрлі тәттілер, киімге арналған сертификат және жұмсақ ойыншықтар түріндегі сыйлықтармен марапатталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі