• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД-на мүше елдер төтенше жағдай бойынша мемлекетаралық ғарыш мониторингін құрады

ТМД-на мүше елдер төтенше жағдай бойынша мемлекетаралық ғарыш мониторингін құрады

8 Қараша, 2013 11:45
Алматыда ТМД-на мүше елдердің жұмыс тобы ғарыштық сала бойынша ынтымақтастық жөнін талқылады, деп «Ғарыштық зерттеу мен технология Ұлттық орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ТМД-на  мүше  елдер  төтенше жағдай бойынша мемлекетаралық ғарыш мониторингін құру проблемалары алға тартылды. Жиынға Ресейдің Федералды ғарыш агенттігінің өкілдері, Украина мемлекеттік агенттігі, Беларусь  Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ғарыштық зерттеу мен технология Ұлттық орталығының» өкілдері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Мүше елдер «ТМД елдерінің төтенше жағдайлары бойынша мемлекетаралық мониторинг құру» жағдайын қарастырды. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина елдерінің бірігуі арқылы жүзеге асады.

Қазақстандық тарап шара жоспарына төтенше жағдай бойынша мониторинг жүргізу сұрақтарын қосты. Ол тілсіз жау мен табиғаттың дүлей күштерін алдын алып, қауіп-қатерді сейілтуге бағытталған.

 

Барлық жаңалықтар