- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Азия даму банкінен 2016 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз алу туралы заңды қабылдады
Сенат Азия даму банкінен 2016 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз алу туралы заңды қабылдады
«2015 жылғы 18 қарашада қабылданған ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 млрд АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылған. Қаражат 2016 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады», - деп баяндады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, бұл қаражат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және Үкіметтің экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге ыпалдасу жөніндегі стратегиялық шараларының орындалуына мүмкіндік береді.
«Азия Даму Банкінің 1 млрд АҚШ доллары сомасындағы қарызы 3 жылдық жеңілдік берілетін кезеңді қоса алғанда, 5 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Қаржы министрлігі қарыз туралы келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын болады. Көрсетілген қарыз қаражаттарының бекітілген бюджет тапшылығы жағдайындағы қажеттілігін ескере отырып, аталған келісімнің тез арада күшіне енуі маңызды болып табылады, өйткені қарыз АДБ-ның арнайы қорымен Қазақстан Республикасы үшін 2015 жылға резервтелген», - деді Б.Сұлтанов.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады