- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да пиротехникалық бұйымдарды сату заңдылығы бойынша 592 рейдтік іс-шара өткізілді – ТЖК
ҚР-да пиротехникалық бұйымдарды сату заңдылығы бойынша 592 рейдтік іс-шара өткізілді – ТЖК
Спикер болып ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов және Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Асылбек Идрисов сөз сөйледі.
Өткен жылы да, ағымдағы жылы да жаңа жылдық іс-шаралар алдында облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рұқсат етілмеген жерлерде сатылған пиротехникалық бұйымдарға рейдтер жүргізуде, пиротехникалық бұйымдардың белгілі бір саны тәркеленді.
Қысқы кезеңде кейбір азаматтардың пешпен жылыту кезінде өз үйі мен жақындарының өміріне қауіп төндіріп өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтамайтыны қауіп төндіреді.өрт немесе улы газбен улану «адам факторы» себептері, атап айтқанда адамдардың білместігінен, абайсыздығынан болатынын практика көрсетті. Мәселен, 2015 жылдың 11 айында пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан 1 321 өрт орын алды (2014 жылдың ұқсас кезеңінде – 1 582 өрт, 62%-ға азайды), улы газбен улану салдарынан 65 адам көз жұмды (2014 жылдың ұқсас кезеңінде 72 адам).
2015 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы республикада базарлардағы, дүкендердегі және басқа сауда орындарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарда пиротехникалық бұйымдардың заңды тасымалдауға автокөлік құралдарын тексеру бойынша 592 рейдтік іс-шара өткізілді.
«Аталмыш іс-шаралар нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, кіргізу, шығару қағидаларының 36 бұзушылығы анықталды. Айналымнан барлығы 1344 дана рұқсат етілмеген заттар мен бұйымдар тәркеленді», - делінген хабарламада.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу