- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Исаев: Прокурорлардың міндеті айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу
Н.Исаев: Прокурорлардың міндеті айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу
«Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы516 прокурорлар (жалпы санының 11%) жүзеге асырады, олар 830 мың қылмыстық істің тергеуіне қадағалау жасап, олардың 57 мыңын сотқа жолдады. Олар 120 мың өтініш те қарады. Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-дан астам істен және 230-дан астам өтініштен келеді», - деді сөз басындаН. Исаев.
Оның айтуынша, бұрын арыз жазылған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін 2 ай өтуі мүмкін еді, ал бүгін хабарды Бірыңғай тізілімге тіркеу – бұл сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы болып саналады.
«Көбісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын қылмыстық қудалаумен шатастырады. Бұлар мүлдем басқа ұғымдар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында органдар тек істің барлық мән-жайын анықтайды, ал қылмыстық қудалау бұл тұлғаны ол үшін туындайтын барлық салдарларымен нақты бір айыптау болып табылады. Яғни, біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жаңа үлгісін енгізе отырып, адамдарды бірінші тергеу алды тексеру кезінде сұрастырып, одан кейін тергеу барысында бірнеше рет жауап алу түріндегі бұрынғы теріс тәжірибені біржола жойдық», - деп толықтырды ҚР Бас прокурорының орынбасары.
Н. Исаев атап өткендей, қазір прокурорлардың міндеті – ашықтан-ашық негізсіз тергеудің жолын кесу және айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы