- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Германия «Назарбаев –Меркель» бастамасын белсенді жүзеге асыруда (ФОТО)
Қазақстан және Германия «Назарбаев –Меркель» бастамасын белсенді жүзеге асыруда (ФОТО)
Делегацияның құрамына Елші Болат Нүсіпов және Ұлттық аграрлық білім-ғылым орталығы атқарушы директоры Байсұлу Тасболатова кірді.
Қазақстандық делегация «Аграр секторында дуалды білім беру» атты конференцияға қатысып, Төменгі Саксония федералдық жерінің Нинбург қаласындағы «Дойла-Нинбург ГмбХ» Неміс ауылшаруашылық академиясынның Дуалдық білім беру орталығын қарап шықты.
Конференция жұмысына Б.Нүсіпов, Бундестаг депутаты Генрих Цертик, «Дойла-Нинбург ГмбХ» Академиясының басқарма директоры Бернд Антельманн, Герман білім және технология трансфері қауымдастығының басшысы Вальтер Гаук және осы аймақтың беделді іскерлік топтары қатысты.
Қазақстан Елшісі неміс аудиториясын ҚР Президенті НұрсұлтанНазарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: -өсім, рефоомалар, даму» жолдауының негізгі аспектілерімен, «Нұрлы жол – Болашаққа жол» жаңа экономикалық саясатымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныстырды және осы стратегиялық құжаттар аясында екіжақты ынтымақтастықтың кеңейту мүмкіндіктерін белгіледі.
Іс-шара барысында неміс компаниялардың еліміздің нақты инвестициялық жобаларда қатысуы және Германияның қатысуымен аграрлық салада қазақстандық мамандарды дайындау мәселелері талқыланды. Неміс тарапы алдағы уақытта Қазақстан Республикасында «Герман-қазақ аграрлық академияны» ашатыны туралы мәлімдеді. Оның негізінде аграрөнеркәсібі кешені саласында бірінші Неміс дуалды білім беру орталығы салынады.
Неміс кәсіпқой-техникалық білім беру моделін Қазақстанда енгізу бойынша «Назарбаев – Меркель» бастамасын жемісті жүзеге асыру мақсатында «Дойла-Нинбург ГмбХ» Неміс ауылшаруашылық академиясы және ҚР Ұлттық аграрлық білім-ғылым орталығы арасында аграрлық секторда дуалдық білім беру жүйесі бойынша кадрларды әріптестік дайындау туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат елімізде неміс алдыңғы қатарлы тәжірбисі негізінде ауылшарушылық саласында мамандарды дайындау орталықтың құрылуын көздейді. Осы мекеменің жұмысы Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму үдерісіне өз үлесін қосады және осылайша елдің аграрөнеркәсіп кешенге неміс алдыңғы қатарлы технологиялардың трансферіне негіз құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер