• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбедегі рельс зауытының құрылысы 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады – А.Мұхамбетов

Ақтөбедегі рельс зауытының құрылысы 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады – А.Мұхамбетов

8 Қараша, 2013 11:30
Ақтөбеде облысындағы рельс зауытының құрылысы 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталады. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталдық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыс басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының белсенді қолдауының арқасында өңірде ірі инвестициялық жоба рельс  зауытының  құрылысын қолға алды. Қазіргі таңда құрылыс жүріп жатыр, бөлінген қаражат тиісті жерлерге жұмсалуда. Жобаның қуаты жылына 430 млн тоннаны құрайды. Соның ішінде 200 тоннасы 120 метрлік рельстер болса, 230 тонна сұрыптық  жалға тиесілі», - деді А.Мұхамбетов.

Ақтөбе облысы әкімінің айтуынша, зауыттың ерекшелігі сонда, бұл жерден жоғары жылдамдықты поездың жүруіне төтеп беретін сапалы рельстер шығарылмақ.

Аталмыш зауыттың құрылысы 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, жоба аясында блюм мен рельсті алдын ала дайындайтын қорытпа зауытын салу да жоспарда бар. Қазір 40 мВт-тық электростанция салынып жатыр, алдағы уақытта станцияның қуаты 150 мВт-қа дейін көтерілмек. Осыларға салынған инвестицияның жалпы көлемі 770 млн долларды құрайды», - деді облыс басшысы.

Барлық жаңалықтар