• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Мұхамбетов: 2013 жылы 118,2 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр

А. Мұхамбетов: 2013 жылы 118,2 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр

8 Қараша, 2013 11:12
Индустриаландыру картасы бойынша Ақтобе облысында 10 жұмыс орнына арналған 571,2 млрд теңге тұратын 74 жоба қарастырылып жатыр, деп Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президенттің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиында хабарлады.

«Өткен жылы инвестициясы  189,4 млрд теңгені құрайтын 67 нысан қолданысқа берілді. Онда 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орыны ашылды. Биылғы жылы облыста құны 118,2 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жоспарлануда, берілген уақыт аралығында  7  жоба іске асырылды. Қазіргі күні салалық және аймақтык кластерлерді дамытуға көбірек көңіл бөліп отырмыз. Себебі, кластерлердің  қай-қайсысының болсын өнім көлемін ұлғайту арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынымызды айтады»,- деді  Ақтөбе облысының әкімі.

А. Мұхамбетов аймақтардың энергетикалық жетістікке қол жеткізгендерін ерекше айтып өтті.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ» облыстағы мұнай шығаратын ірі компания, жылына 6 млрд  текше метр  шығаратын Үшінші Жаңажол газөңдеу зауытының 2-ші және 3-ші кезектегі құрылысын жүргізуде. Бұл жоба іске асса еліміздің оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз етуге қол жеткіземіз. Сондай-ақ, қуаты 160 Мвт газотурбиналық электр бекеті салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол энергия көзін үнемдеуге және  облыста  өндіруге   мүмкіндік береді. Бұл жобаның жалпы құны 800,0 млн АҚШ долларын құрайды. Аталмыш  үрдіс 2014 жылы  жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр» - деді облыс әкімі. 

Барлық жаңалықтар