• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы Ақтөбеде жылына 500 мың тонна қуаттылықпен асфальт өндіретін зауыттың құрылысы басталады – А. Мұхамбетов

2016 жылы Ақтөбеде жылына 500 мың тонна қуаттылықпен асфальт өндіретін зауыттың құрылысы басталады – А. Мұхамбетов

8 Қараша, 2013 11:00
2016 жылы Ақтөбеде жылына 500 мың тонна қуаттылықпен асфальт өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Ол 65 млн АҚШ долларына тиесілі болады, деп Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.

 «Қазхром» ТҰК» АҚ қуаты жылына 440,0 мың тонна жоғары көмірсутекті феррохром өндіретін құны 111,0 млрд.теңгені құрайтын инновациялық жоба жаңа ферроқорытпа зауытының (№4 цех)құрылысы жүзеге асырылуда», - деді Ақтөбе облысының  әкімі.

 Оның айтуынша, келешекте жалпы көлемі  100 млрд.теңгені құрайтын конвертер цехының (қуаты жылына 60 мың тонна ортакөмірсутекті феррохром) және электростацияның (қуаты 50 МВт) құрылысы жұмыстары жүргізілетін болады.

«Сондай-ақ, электростанцияның құрылысы жүзеге ауда. Ол қалдық газ бен ферроеріту өнімін өңдейді. Бұл жобаның инвестиция құны 90 млн АҚШ долларын құрайды. Бірінші айналымдағы қуаттылық 50 мВТ-нф құраса келесіде 190 мВТ-қа жеткізу жоспарланып отыр», - деді А. Мұхамбетов.

Екі жоба 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталады, дейді ол.

«Сонымен қатар, Дондық  кен-байыту комбинатының құрамындағы Хромтау компаниясы келер жылдан бастап 100 млн АҚШ долларын игеретін болады. Бұл Тәуелсіз Қазақстан шахтасының 10 жылдығына арналып отыр. Жобаның жүзеге асуы шығарылған өнімнің  құндылығына әсер  етеді. Осындай жолмен ферроеріту бағытының салалық кластері қалыптасады», - деді А. Мұхамбетов. 

Барлық жаңалықтар