- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету дамып келеді
Ақмола облысында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету дамып келеді
Аймақ басшысы Ақсай ауылында болып, осындағы орта мектеп, шағын орталық және жол бойындағы сервистік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстармен танысты. Қызмет көрсетудің бұл түрі өңірде қарқынды дамуда. Соның бірі жаңадан салынған «Сұлтан» шағын мейманхана және 50 адамға арналған дәмханасы бар кешен. Екі қабатты ғимаратты салу үшін 16 миллион теңге қаржы жұмсалған.
Кәсіпкер Бейбіт Сұлтановтың айтуынша, жуырда ғана ашылған кешен қазірдің өзінде табыс әкеле бастады. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында тапсыр көбейе түсуде. Кәсіпкер алдағы уақытта қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы бизнесін дамытуды жоспарлап отыр.
Кешенді аралап көрген аймақ басшысы осында келушілермен кездесіп, пікірлеріне құлақ түрді.
«Бүгінгі күні Мемлекет басшысы бізге шағын және орта бизнесті дамыту міндетін қойып отыр. Сондықтан бұл жоба ауылдық жерде бизнестің дамып келе жатқанының айқын дәлелі», - деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетейік, бұл Есіл ауданында қолға алынған жол бойындағы сервистік қызмет көрсету бағытындағы жалғыз жоба емес. Қазіргі кезде аудан бойынша осындай 6 жоба жүзеге асырылуда.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер