• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада православ шіркеуінің құрылысына тигізген үлесі үшін Ақмола облысының әкіміне «Алғыс» ордені табысталды

Астанада православ шіркеуінің құрылысына тигізген үлесі үшін Ақмола облысының әкіміне «Алғыс» ордені табысталды

8 Қараша, 2013 10:45
Астанайлық және Қазақстандық митрополит Александр Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметовке «Алғыс» орденін табыстады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметов Астанайлық және Қазақстандық минтрополит Александрды қабылдады. Кездесу барысында митрополит жаңа эпископ Көкшетаулық және Ақмолалық Серапионды таныстырды. Бұл жерге сонымен қатар Қарағандылық және Шахтинсктік эпископ Севасиант келді. Жақында ғана шығыс және оңтүстік өңірлерге барып қайтқан қонақтармен облыс әкімі аймақтағы тыныс-тіршілік, соның ішінде астық науқаны жайлы әңгіме өрбітті», - делінген хабарламада.

«Ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан, өңірдегі диқандар мол астық жинай алды. Астық шығымы гектарына 12 центнерден шыққан көрінеді. Бұндай өнім шаруалардың қадыр-қайратының арқасында келіп отыр», - дейді облыс басшысы.

Қ.Айтмұхаметв республикадағы діни жағдайдың тұрақты екеніне айта кетіп, ұлтаралық және дінаралық байланысты нығайтудың маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Өз кезегінде митрополит Александр, Астанада Орта Азия көлемінде теңдессіз ірі православ шіркеуінің құрылысына көрсеткен қолдауы үшін «Алғыс» орденін табыстады.

Барлық жаңалықтар