- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында автомобильдерге арналған алюминий дискілерін жасап шығаратын зауыттың құрылысы жоспарлануда
Павлодар облысында автомобильдерге арналған алюминий дискілерін жасап шығаратын зауыттың құрылысы жоспарлануда
Кездесу шеңберінде үш жобаның тұсаукесері өткізілді.Бірінші жоба бойынша автомобильдерге арналған алюминий дискілерін жасап шығаратын зауыттың құрылысы көзделіп отыр. Жоба бойынша жылына 1 млн. 800 мың дана өнім шығару және екі жүз жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауытта шығарылатын өнім сапа мен стандарттаудың әлемдік деңгейдегі талаптарына сәйкес келеді.
Облыс әкімі атап өткендей, алюминий дискілерін жасап шығару жобасын жүзеге асыру Павлодар облысының аумағында алюминий кластерін құрудың келесі кезеңі болып табылады.
Басқа жобалар шеңберінде де өзара әрекеттестіктің мәселелері қаралды. Өндірістік және қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жарату бойынша зауыттың құрылысы ҚТҚ-дан соңғы өнімді (жылу, электр энергиясы және т/б) шығаруға, сонымен бірге көмілуге тиісті қалдықтардың 2% деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Медициналық тоқыма маталарды өңдеу бойынша жуу комбинатын іске қосу. Жоба бойынша медициналық тоқыма маталарын өңдеудің толық кезеңін іске қосу, яғни емделушілердің ішкі ауру қоздырғыштарын жұқтыру қаупін 35%-ға төмендеуі көзделіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында өткен «Ертіс инвест-2015» Халықаралық инвестициялық форум шеңберінде Павлодар облысының әкімдігі және «СибИнвестГруп» холдингі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Қ. Бозымбаев нақты тапсырмалар берді.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы