• Басты
  • Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшылары қатарына енді
23 Желтоқсан, 2015 11:12

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшылары қатарына енді

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі келісімінің баптарын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшылары қатарына енді

Естеріңізге сала кетейік,  2015 жылғы 29 маусымда Пекин қаласында Қазақстанды қоса алғанда банктің 57 құрылтайшы елінің өкілі аталған келісім баптарына қол қойды. Банкті құрудың негізгі мақсаты инфрақұрылымға және басқа да өндірістік объектілерге инвестициялау жолымен экономикалық дамуға және Азиядағы инфрақұрылымның өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу болып отыр.

«57 елдің ішінде 37 Азиялық, 20 – өңірлік емес елдер. Ірі акционерлер – Қытай, Үндістан, Ресей. Қаржыландырудың басым бағыттары энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және тағы басқалары болады. Банктің жарғылық капиталы 100 млрд. АҚШ долларын құрайды және төленетін акцияларға – 20 млрд. АҚШ доллары, талап ету бойынша төлеуге жататын акцияларға – 80 млрд. АҚШ доллары бөлінеді», - деп баяндады ҚР Ұлттық экономика министр Ерболат Досаев.

Министр атап өткендей, банк капиталының өңірлік мүшелерінің үлесі 75 %-ды, өңірлік емес мүшелерінің үлесі – 25 %-ды құрайды, осылайша, шешуші дауыс құқығы азиялық елдерде қалады. Банктің штаб-пәтері Бейжің қаласында орналасады.

«Келісім күшіне енген сәттен бастап, Қазақстан Республикасы банктің құрылтайшы мүшесіне айналады және өзіне келісімде көзделген міндеттемелерді алады. Банк капиталының бөлінуіне сәйкес Қазақстанның банк капиталындағы жалпы үлесі 0,7 %-ды құрайды. Төленетін капитал 5 траншпен жыл сайын төленетін болады», - дейді Е.Досаев.

Тұтастай алғанда, әлемдегі қиын экономикалық жағдайда осы келісімді ратификациялау біздің елге банк арқылы инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді және қолайлы кредиттік ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл экономиканың дамуына және Азиядағы өңірлік интеграция деңгейін арттыруға оң ықпалын тигізеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды