• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық конференцияға қатысушылар «Алғашқы медициналық көмек беру арқылы жалпы денсаулық сақтау инновациясын қамту» ұсынысын іс-жүзіне асыруға дайын

Халықаралық конференцияға қатысушылар «Алғашқы медициналық көмек беру арқылы жалпы денсаулық сақтау инновациясын қамту» ұсынысын іс-жүзіне асыруға дайын

8 Қараша, 2013 10:30
Халықаралық конференцияға қатысушылар «Алғашқы медициналық көмек беру арқылы жалпы денсаулық сақтау инновациясын қамту» атты алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Алматы декларациясының 35 жылдығына орайластырылған шараны жүзеге асуына ат салысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігінң баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында өткізілген конференция жұмысы  ҚР-ның  Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайрбекованың басшылығымен болған панельді пікрталас  6 сессиямен аяқталды.

«Пленарлық отырыста министр, осы күндері конференция   қатысушыларына жаңа және қызықты ойлар туындағанын аса сенімділікпен айтты. Конференцияның соңында қытысушылар бүгінгі күні өз қызеттерінде Алматылық  декларацияға сүйене отырып істер атқаратындарын және осындай үлкен деңгейдегі шараны өткізуге, сондай-ақ, конференцияның іс-жүзіне асыруға қолдау көрсеткен ҚР-ның Денсаулық сақтау Министрлгінің қызметіне өз алғыстарын білдірді»- деп хабарлайды.

Қатысушылар   көрегенділік, қадірлі болу және нақты ұстаным керектігі  шешіміне  келді, сондай-ақ әділеттілік, өзара түсінушілік, сан салалылық, мұқияттылық, сектораралық қажеттіліктер көпшілік денсаулығын сақтауға септігін тигізеді және алғашқы медициналық көмек те үлкен рөл  атқарады.

«Денсаулық сақтау саласының алдына бірқатар мәселелер қойылған, инновациялық бағыттың болуы, жауапкершілік, халық денсаулығына жедел көмек көрсетуде жаңа идеяларды қалыптастыру, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық  дамытудағы оңтайлылық ғана емес, сонымен қатар, әр адам денсаулығының  фундаменталды құқығына иелігін қамтамасыз ету» - деп хабарлайды баспасөз қызметі.  

 

Барлық жаңалықтар