- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 2015 жылдың қарашасында 28,6 млрд долларға жетті
Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 2015 жылдың қарашасында 28,6 млрд долларға жетті
Сонымен, Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,5%-ға 27,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 1,7%-ға төмендеу) ұлғайды. 2015 жылғы қарашада таза валюталық қорлар (ЕАВ) 3,5%-ға өсіп, алтындағы активтер 7,0%-ға төмендеді.
2015 жылғы қарашада Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері (64,2 млрд. АҚШ доллары), шұғыл деректер бойынша, 0,6%-ға 92,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 9,4%-ға азаю) ұлғайды.
2015 жылғы қарашада ақша базасы 3,0%-ға кеңейіп, 4816,2 млрд. теңгені (жылдың басынан бері 41,1%-ға кеңею) құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 3,0%-ға 4704,6 млрд. теңгеге дейін кеңейді.
«2015 жылғы қарашада ақша массасы 5,8%-ға 16684,4 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 30,2%-ға ұлғаю) ұлғайып, айналыстағы қолма-қол ақша 0,9%-ға 1190,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 6,1%-ға ұлғаю) қысқарды, банк жүйесіндегі депозиттер 6,3%-ға 15494,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 32,5%-ға ұлғаю) өсті», - делінген хабарламада.
Ақша массасының құрамындағы депозиттер үлесі 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы қаңтар-қарашада белгіленген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2015 жылғы қарашада 92,9%-ға ұлғайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды