- Басты
- Жаңалықтар
- Теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады – ҚР Ұлттық банкі
Теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады – ҚР Ұлттық банкі
«Өткен қараша айында теңгенің бағамы 282 теңгеден 312 теңгеге дейін түсті. Кейін Ұлттық банктің қатысуынсыз-ақ, теңгенің бағамы бір АҚШ доллары - 308-307 теңге көлемінде тұрақталды. Осылайша, қараша айында теңге бағамындағы өзгеріс 9 пайызды құрады. Ал Ұлттық банк қараша айында валюта нарығында 577 млн. АҚШ долларын сатып алды. Сәйкесінше, Ұлттық банк валюта нарығында ешқандай алыпсатарлық әрекеттерге жол бермейді», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Айта кетелік, Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзінің валюта нарығына қатысу деңгейін азайтқан болатын. Дегенмен, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы алыпсатарлық тербелістерге жол бермейді.
«Алдағы уақытта теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады. Яғни, теңгенің бағамы жақын кезеңде «Brent» маркалы мұнай бағасы бойынша бір баррельдің құны 30-40 АҚШ доллары диапазонына бейімделуі тиіс. Егер, мұнай бағасы бұдан бетер төмендейтін болса, яғни бір баррельдің құны 30 доллардан төмендеп, Ресей рублі 10 пайызға құнсызданатын болса, теңгенің бағамы да сәйкесінше, жаңа деңгейге көтеріледі», - деді Д. Ақышев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі