• Басты
  • Қ.Жақыпов Қазақстандағы ЕО басшысымен кездесті
22 Желтоқсан, 2015 17:28

Қ.Жақыпов Қазақстандағы ЕО басшысымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Қазақстандағы Еуропалық одақ елшісі және өкілдік басшысы Траян Христеанды қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қ.Жақыпов Қазақстандағы ЕО басшысымен кездесті

Кездесу иелерінің пікірінше, қос тарап арадағы ықпалдастықты бұрынғыдан да тереңдетуге мүдделі. Оған кеше ғана қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісім дәлел болмақ. 29 баптан тұратын құжат саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар, екіжақты және көптармақты байланыстарды нығайтуға ерекше серпін беретін болады.  

Өз кезегінде Траян Христеа Орталық Азия елдері арасында аталған келісімге алғашқы болып қол жеткізген біздің еліміз екендігін, бұл Еуропалық одақтың Қазақстанды жан-жақты қолдайтындығының тағы бір дәлелі екенін және осы келісімде айтылғандарды жүзеге асыруға барынша ат салысатынын жеткізді.  

Палата Спикері аталған одақпен әріптестік байланысты кеңейту әрі тереңдету біздің еліміздің сыртқы саясатында стратегиялық басымдыққа ие екенін айтты. Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан біздің елдеріміз арасында бірлескен экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Еуропалық одақпен визалық режимді оңайлатудың өзектілігін алға тартып, өкілдік басшысын қолдау көрсетуге шақырды. 

Айта кетейік, Еуропалық Одақ біздің еліміздің ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Өткен жылы тауар айналымы 53 млрд долларды құрады. Еуропалық елдерден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 102 млрд доллардан асады.

Халықаралық деңгейдегі мәселелерді назардан тыс қалдырмаған Қ. Жақыпов бүгінгі күні әлемдік қауымдастық күш біріктірмесе халықаралық лаңкестік пен радикалды экстремизмге қарсы күрестің тиімсіздігін баса айта келіп, Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың жаһандық желісін құру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды.

Парламентаралық ынтымақтастық жайына келсек, 15 жылдан бері Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында парламенттік ынтымақтастық комитеті қызмет етіп келеді. Мәжіліс Еуропалық одақ әріптестерімен алдағы уақытта да аталған комитет пен түрлі халықаралық алаңдар аясында ықпалдастықты дамытуға дайын.

Мәжіліс Төрағасы еуропалық кәсіпкерлерді «Нұрлы жол» және үдемелі индустриялық даму бағдарламалары аясында индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды